Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2021
177
Басталғандай қайтадан құмар айым
Басталғандай қайтадан құмар айым
Дөңгеленіп далада туар айым.
Киіз үйдің іргесін түріп тастап,
Көкжиекке көзімді суарайын!
Жұпарменен жұптасып өлең демі,
Іші күйсін тірліктің төмендегі.
Желідегі сезімді ағытайын,
Босатайын ойымды көгендегі!
Қырды аңсаған қазақтың көп ағасы,
Қай үйден де табылар қонақасы.
Қондырайын қиялды қиясына,
Сыпырайын шабыттық томағасын!
Деп ойлаймын оңаша дара кетіп,
Дала құмар жанымды жаралы етіп.
Терезеден телмірген үй гүліндей
Өмір бірақ қалада барады өтіп!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter