Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2021
189
![](/uploads/shorttexts/author_image/kadir.jpg)
Қалай-солай айтқан сөзге балама
Қалай-солай айтқан сөзге балама,
Қызығамын бала мінез данаға.
Қалалықпын,
Кенттен бірақ алыспын,
Жақынмын да алыстағы далаға.
Салып алып бәрімізді
Ертеде
Саяхатқа шыққанменен жер-кеме,
Мен алыспын қасымдағы қуларға,
Жақынмын да алыстағы еркеге.
Көрді көңіл талайлардан қалып та,
Құсым, бірақ баяғыша қалықта!
Жаратқаннан алысырақ тұрғанмен,
Жақынырақ жүрем ылғи халыққа.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇