Өлеңдер ✍️

  26.05.2021
  225


Автор: Қадыр Мырза Әли

Ширек ғасыр тарамайтын мастығы

Ширек ғасыр тарамайтын мастығы
Дүниенің бір ғажабы — жастығың.
Жүген-құрық салдырмаса — сол жаман,
Тұмар болған анаң менен атаңа
Дүниенің бір ғажабы — махаббат
Көңіл шөлін қандырмаса — сол жаман.
Аса білсең асу-асу алты қыр
Дүниенің бір ғажабы — тау-тұғыр,
Бірақ дұрыс шыға алмасаң— сол жаман.
Өзге жайды сезбесең де мұны сез,
Дүниенің бір ғажабы — ұлы сөз,
Ұлы сөзді ұға алмасаң— сол жаман.
Арып-ашып, қиындықпен жетті әулет,
Дүниенің бір ғажабы — бақ-дәулет.
Кеудеңе нан піседі одан — сол жаман.
Жібітетін мұз жүректі жылусыз
Дүниенің бір ғажабы — сұлу қыз,
Көздің құрты түседі оған — сол жаман.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу