Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2021
247
Бұл өмірдің асылы бар ардақтар
Бұл өмірдің асылы бар ардақтар.
Пасығы бар,
Тарайды одан тармақтар.
Сырлы көлде жем жетеді сазанға,
Сол жемдердің біреуінде қармақ бар.
Сәл дыбысты байқап қалса тызақтар
Секем алғыш сауысқан мен ұзақтар.
Сандуғашқа жем шашылған алаң көп,
Сол алаңның біреуінде тұзақ бар.
Қуаныш боп ата бермес ақ таңдар.
Сенімді де,
Күдікті де сақтаңдар!
Саваннада арыстанға жемтік көп,
Сол жемтіктің біреуінде қақпан бар.
Дүниені сапырыңдар,
Шайқаңдар!
Желпініңдер!
Серпіліңдер!
Байқандар:
Айқарыла ашылатын құшақ көп,
Сол құшақтық біреуінде сайтан бар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter