Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2021
160
Қызық кезде ойлайды өлімді кім
Қызық кезде ойлайды өлімді кім!
Уыз нұрын сауады желінді күн.
Жұмысыңның басында жайдарымын,
Дастарқанның басында көңілдімін.
Сілтеп алып сыраңды, бозаңды да,
Сөйлеудейін сөйлеймін,—
Сөз алдым ба?!
Сәйгүлігін ойнатқан шабандоздай
Сөз тұлпарын билетем көз алдыңда.
Қайғы-мұңды қабақтың бұлты деген,
Күйдірмелік көңілді сілтіменен.
Жеңгейлердің жүзіне шаршап жүрген
Массаж жасап беремін күлкіменен.
Иә солай,
Күлкіден гүл өремін.
Күннің солай өткенін тілер едім.
Жарқ-жұрқ етіп,
Жадырап көп ішінде,
Оңашада отырып түнеремін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter