Туындылар ✍️
Жақсы мінез сабақтары - ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА
Сәлем, достым! Бүгін біздің сабағымыз қоғамдық жерлерде адам өзін қалай ұстау керек екендігін әңгімелейміз. Соныменен...
Қоғамдық орындар деген қандай орындар? Ол – сенің отбасыңнан басқа ортадағы өмірің. Олар: мектеп, бала-бақша, театр, мейрамхана, қоғамдық көліктің іші, т.б. ...
Адам баласы өз өмірінде қоғамдық орындарда өте көп болады. Солай емес пе? Ендеше біз өзімізді сондай орындарда қалай ұстауымыз керек?
Сен өз үйіңнен (кішкене әлеміңнен) көшеге шыққанда (үлкен әлемге) не болмаса мәдениет ошағына, адамдар көп жиналған орындарға барғанда кейбір ұстанымдарды есте сақтағаның жөн. Мынандай жағдайлардың болмағаны дұрыс.
- Қоғамдық көлікте қарт адам тұрып, жастардың отырғаны – ұят.
- Мейрамханаға келген қонақ пышақты не қасықты аузымен жалағаны – ұят.
- Қоғамдық орындарда, абайсызда, мұрныңды шұқығаның – ұят.
- Қасыңдағыларға айтып жатқан әңгімелерің ұнамаса да, сенің әңгімелеріңді жалғастыруың – ұят.
- Сенің мамаң немесе бейтаныс жасы үлкен адам ауыр сумкасын әрең көтеріп келе жатқанда сенің қарап тұрғаның – ұят.
Осындай келеңсіз жағдайларға жол берсең, сенің қоғамдағыларды сыйламағандығыңды білдіреді. Олардың сені сыйлайтынын күтіп қажеті жоқ. Өзін өзі жақсы ұстау, қонаққа, не болмаса концертке барғанда ғана дұрыс киіну керек деген адам қателеседі. Ақжарқын, салмақты, сүйкімді болу басқа адамдардың арасында ғана емес, ең бірінші үйде, отбасыңда және мектепте сондай болу керек. Өз үйінде әдепсіз болған адам қоғамдық орындарда әдепті болмайды. Егер болса, ол екіжүзді адам болып саналады.
Қамшы сөздер:
- Отбасында тәртіпсіз баланың үйдегілерге ғана емес, көпке залалы тиеді.
- Анасына жаны ашымаған адам – жатты жарылқамайды.
- «Мен өзім білемін» деп әдепсіздік жасаған адам, ата-анасына ғана емес, еліне ұят келтіреді.
- Ұят деген – адамның өмір бойы өзімен бірге жүретін бойтұмары.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter