Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.05.2021
296
Юбилей
Әзіл
Ақиқат-шал ақыры
Жасын мыңға жеткізді.
Төңірегін шақырып,
Туған күнін өткізді.
Қимастары елдегі
Қиды тойға сенбісін.
Ардақталып еңбегі
Алды Құрмет белгісін.
Сыйлайтұғын ұйымды
Жинап өңшең жастарды,
Желбуаздау жиынды
Жел сөз өзі басқарды.
Бір сағаттай Өтірік
Баяндама жасады.
Соны тыңдап отырып,
Сезім қалай тасады?!
Ақиқаттың — бұл бір сыр —
Келген күнін қараң ғып,
Енді бүгін көлгірсіп,
Шапан жапты Арамдық.
Көргендей шын тамаша,
Көңіліне жаз қонып,
Ақиқат-шал
Балаша
Қайтты үйіне мәз болып!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter