25.05.2021
  290


Автор: Қадыр Мырза Әли

Жылқышы

Алағай да бұлағай
Ақ боранда, суықта
Атқа қонса бұл ағай,
Арымайды жуықта.
Қас батырдай пішіні
Құйып қойған еріне.
Киген қасқыр ішігі —
Қатты ескерту бөріге!
Солқ-солқ етіп тынымсыз
Соғады аты бүйірін.
Сетінетпей, шығынсыз
Сақтайды сау үйірін.
Жөн таппаса, оңай ма!
Жылқысымен ықтайды.
Жұт дегеннің
Алайда
Жұртынан бір шықпайды.
Уф!— деп ақыр соңында,
Кешсе бұлттар жабағы,
Күнмен бірге оның да
Ашылады қабағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу