Өлеңдер ✍️

  25.05.2021
  163


Автор: Қадыр Мырза Әли

Сөздер

Мұны жақсы ұғынар
Ақыл-ойы ояулар.
Сөйлегенде құбылар
Әр сөзде мың бояу бар.
Есті құлақ ұғынар,
Ұқпағанмен ауандар.
Сөйлегенде құбылар
Әр сөзде мың әуен бар.
Көп сөйлеме, құрысын!—
Тыңдаушың да жалығар.
Айтып берсең дұрысын,
Әр сөздің бір жаны бар.
Бұл өнерге алайда
Болсаң егер қызығар,
Кейбір сөздің, абайла,
Кесіп кетер жүзі бар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу