24.05.2021
  958


Автор: Балаларға арналған ертегісі

Қожанасырдың ораза ұстағаны

 Қожанасыр бұрын ораза ұстамаған кісі екен. «Пайғамбар жасына келіп қалдың, енді ораза мезгілі жетті»,-деп, әйелі мазалай берген соң Қожанасыр келісіп, ораза ұстапты. Бірақ қарны ашқан соң Қожа күннің көзінің ауыл сыртындағы тауға жетіп жасырынуын шыдамсыздана күтетін болыпты. Шыдамы кеткен Қожекең бір күні «ақыл таптым» деп, үйін жығып есегіне арта бастапты. Әйелі аң-таң болып: «Бұның не?» - деп Қожакеңнің бірдемені бүлдіретінін сезіп, безек қағады. Қожанасыр:

    «Үндеме, ақыл таптым, ораза біткенше күннің қысқа еріне барып отырамыз», - деп, таудың нақ шығыс жағындағы бір шұңқырға апарып үйін тігіпті. Бұл жерден күннің көзі түс ауса-ақ тауға жасырынып, қара көлеңке тартып кетеді екен. Қожекең күннің қара көлеңке болуы аңдып тұрады да, күннің көзі таудан асысымен: «Қатын, күн батты, ас әкел!» - деп, аузын аша беретін болыпты.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу