Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2021
325

Тарбағатай. Бүрмедегі обалар
Қазына боп келеді қай ғасырдан?!
Құпиясы күбірмен Айға ашылған.
Ала қашса жел келіп түп жусанын
Жол-жөнекей ұстап қап, сай жасырған.
Мына қырат – бір пұшпақ қиырдағы,
Мына обалар – бағына бұйырғаны.
Бағзы күннен бір хабар алардай ой
Тауды, қырды қиялмен шиырлады.
Жүйткіп өтер сәттерге Күн алданды,
Күн алдады жарыққа құмар жанды.
Әуелгіде... осы тұс Патшалық боп,
Ақырында... оба боп мұнарланды.
Жатқан болар жай тауып әз ұланы,
Жүйріктері жарысқан жазығы әні!
Рух дерсің, шежіре – тарих дерсің
Обаларға көмілген қазынаны...
Жанат Әскербекқызы Жанат Әскербекқызы өлеңдері Жанат Әскербекқызы шығармашылығы Тарбағатай Бүрме оба
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇