Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2021
430
Жаным
Мен сені, жаным, күткенмін,
Қарамай жауын, дауылға.
Жалғанда ғашық біткеннің
Осылай жолы ауыр ма?!
Күткенмін сені ақпанда –
Ақ қардан соққан мүсіндей
Алаулап тұрдым ақ таңда
Махаббат ескерткішіндей.
Күткенмін сені көктемде,
Көктесе адыраспандар.
Тырналар көші өткенде
Алаңдап лағыл аспанға.
Күткенмін сені асығып,
Күткенмін сені зарығып.
Бар болмысыңа бас ұрып,
Табиғатыңа табынып.
Күткенмін сені қарамай
Жауынға-дағы ауырға.
... Құлаған бір түп қарағай
Шыдамай дүлей дауылға –
Мен ем ғой…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter