Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.05.2021
226
Үйрек
Таксиді көргенде
Тауықтар сасады.
Ал үйрек дегендер
Асықпай басады,
Қусаң да соңынан,
Бір ұшып-қонбайды-ау
Машина жолынан,
Әй, өтіп болмайды-ау!
Мойыны қайқаңдап,
Кергиді, айтқандай.
Басады байпаңдап,
Қонақтан қайтқандай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter