Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2021
221
Қаңбақ жыры
Қаңбақпын,
Қаңбақпын,
Өзімді алдаппын.
Желге ерсең — жерсізсің
Дегенге нанбаппын.
Қаңбақпын,
Қаңбақпын,
Құйын мен шаңдақтың
Көшіне ілесіп,
Қызыққа қанбаппын.
Қаңбақпын,
Қаңбақпын,
Кешірек аңдаппын,
Соңымнан қалмайтын
Сорлы дос таңдаппын.
Қаңбақпын,
Қаңбақпын,
Тынымсыз зар қақтым.
Ақыры апанға
Сауғалап жан бақтым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter