19.05.2021
  186


Автор: Қадыр Мырза Әли

Маңғаз он қаз

Кербез де
Маңғаз
Бар бізде
Он қаз.
Келсеңіз жуық,
Кетеді қуып.
Батылдау, өжет
Болғаның қажет.
Әйтпесе олар,
Дұрыс та болар,
Батырға дос-ақ,
Қорқаққа өш-ақ!
Кербез де
Маңғаз
Бар бізде
Он қаз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу