Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
19.05.2021
297

Жұмыстың жылуы
Долысын-ай боранның!
Тұлыбыма орандым.
— Кімге қамсау тұлыбың!
От жағалық, құлыным!—
Деді апам,— Бара ғой,
Бірер шөлке жара ғой!—
Жеңіл-желпі киініп,
Белді буып-түйініп,
Жұмысқа тез кірістім,
Мол жаруға тырыстым.
Салдым күшті мен шындап,
Бірте-бірте шым-шымдап,
Бойға жылу тарады,
Апам маған қарады.
Деді сосын:— Ерледің,
От жақпай-ақ терледің!
Жылуы бұл жұмыстың,
Қызуы ғой бұл істің!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter