Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
19.05.2021
232
Әпенде
— Іздей-іздей қасқа атты,
Күн ұзаққа бас қатты!
Көрген жоқпын әлі үйді!—
Деп кәрия налиды.
— Бар ма тағы басқаңыз?
Ал мынау қай қасқаңыз?—
Сұрақтан бұл састы да,
Қарады қарт астына.
— Тфу!— деді ол,— Күнімен
Іздеп жүрсем мұны мен!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter