19.05.2021
  230


Автор: Қадыр Мырза Әли

Әзіл

Құлақ естіп, көз көріп,
Дей беруші ек кінәлі.
Шыға келді өзгеріп,
Өзгермейтін Тінәлі!
Бүгін жұрттың бөркімен
Ойнамады лақтырып.
Қол көтеріп, еркімен
Сабақ айтты ол тұрып.
Есепті де мүдірмей
Шығарып ол «бес» алды.
Айтып шықты кідірмей
Жатқа берген мысалды.
Жүгіріп ақ сынаптай
Нанға барды дүкенге.
Трамвайда сұратпай
Орын берді үлкенге.
Айтқаныма бұл менің
Сеніп қалып жүрмегін
Не демейді ел ырымшыл
Апрельде бірінші!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу