Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2021
188
Шарайна мен Шүберек
Қарамай тіпті өзіне
Көрікті түгіл албасты,
Кір жұғып мөлдір жүзіне,
Айнаның бетін шаң басты.
Кәдеге талай жараған
Айнаға жан мән бермеді.
Алдына келіп қараған
Адамдар өзін көрмеді.
Айталық енді қысқартып,
Ұзаққа созып не керек!
Айнаны аяп, іш тартып,
Тазалап сүртті Шүберек.
Ал өзі содан шаң болды,
Шаң болмасқа бар ма айла!
— Әй, салақтық!— деп оны
Кінәлап тұрды Шарайна.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter