Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2021
324
Қасиетсіз қамқорлық
Күнбағарға Бұлт айтты:
— Білмеймін мен балтайтты!
Тасбауыр жан демегін,
Қашан да әзір көмегім!
Күн көзінен сарғайып
Кетесің ғой,
Қорғайық!—
Жапты сөйтіп күн көзін,
Қамқоршымын деді өзін.
Айлап аспан ашылмай,
Жауды жаңбыр басылмай...
Сәуле болмай жан бағар,
Піспей қалды Күнбағар.
қасиет қамқорлық Күнбағар бұлт мысал Қадыр Мырза Әли Қадыр Мырза Әли шығармашылығы Қадыр Мырза Әли өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter