Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2021
282
Есеп білмеген Есек
— Шығар, қарап тұрғанша,
Бір жердегі бір қанша?—
Деп Торы Айғыр берді есеп,
Шығара алмай тұрды Есек.
Ақылдасып, бірлесіп,
«Бір жерде бір — бір!»—десіп,
Шығарса да есебін,
Беделсіз деп, Есегің
Сенбей қойды Қойға да,
Сенбей қойды Тайға да.
— Бес!— деп Аю гүр етті,
Есек сорлы дір етті.
— Бір жерде бір — бес!— деді,
Кейбіреулер өстеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter