Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2021
220
Алпауыт пен Қаптесер
Кебежеден бал тауып,
Ұрлап жатты Алпауыт.
Көріп қалды Қаптесер,
Кез осы ғой шап десер.
— Ортақтастыр олжаңа,
Әйтпесе, мен қожаңа!..—
Сасып қалған Алпауыт:
— Көршім, пайда қал тауып!
Мұқтаж асың бал ма еді,
Керегіңше ал!—деді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter