18.05.2021
  519


Автор: Кәмел Жүністегі

Судың да құлағы бар

Қайрақты өзенінің бас жағындағы жайын суды жағалап, су бетіне қаймақ жағалатып жүрген тоғыз, он жастағы ба- ламыз. Орысы жоқ ауылда орыстын «но»-дан басталатын боқтық сөзі шаңқ етті. Жамандықтың жұққышы-ай, кімнің есіне түсе кетті десейші. Етікші Есімғали ақсақал «әй, не сан- далып тұрсың, судың да құлағы бар ғой»деп жекіп тастады.


«Судың да құлағы бар». Естімеген жаңалық. Бірімізге біріміз қарадық. Қате естіген жоқпыз ба? Көлшікке бетін жуып, намазға дайындалған Ақмағанбет ақсақалға қарап сұраулы жүзбен «судың да құлағы...» деп қалғанбыз.


Иә, балалар, судың да құлағы бар, ол естейді деп үйретеді мұсылман діні, – деді Ақаң жайбарақат.


Сонда мұның құлағы қайда? – десіп көл жағалай үңілістік. Таппадық. Үрейіміз де басылды. Бірақ сол сөз есте мәңгі қалғантын. Құдайсызданған қоғам судың құлағы түгілі адамның құлағы да құлағы барын ұмыттырып жиберген жок па.


Қарыштап дамыған ғылым бұрынғы түсінікті түбегейлі өзгертті. Америкалық ғалым Грегшг Брейден адам санасы мен сезімінің ғаламды өзгерте алатын қуатты күш екеніне адам ұлының көзін жеткізді. Жапон ғалымы Масару Эллото судың көре де, ести де алатынын, тіпті көрген естігенін жадына тоқи алатынын дәлелдеп, жаман сөз бен жақсы сөзді ажыра- та алатынын, жаман адам (ниеті бұзық, маскүнем, ұры-қары) келгенде судың кристалы өзгеріп, қошқылданып тұратынын, жақсы адам келгенде су кристалының жарқырап тұратынын жазды. Су адам снасы мен жан дүниесіндегі эмоцияны табан асты сезе қояды екен.


Мұсылман дінінен қуат алған қазақ баласына «су қолыңды


сүрт, бірақ сілкіме» деп үйреткен. Сол ақсақалдар (бүгіннің ішкіші емес) судың қасиетін тани білген де, оны құрметтеуді ұрпағына үйреткен. «Суға түкірме»,     «суға кіш етпе», ол ананың бетіне түкіргенмен бірдей, атаның са-қалын былғағандай деп тәрбиелеген еді.


Жалаң материализм қоршаған ортаны өлі табиғат деп түсіндіріп келеді. Соған жұрт жетпіс жыл бойы сеніп өсті. Тіпті, сонау ХХ ғасырдың 60-жылдары дамыған батыс елдерінің ғалымдары өсіп тұрған гүлдің өзін баптап күтіп – жүрген иесін танитын, ол келгенде қуанышты дыбыстар шығаратынын, ал сол гүлдің әр жапырағын жұлған кісі келген- де үрейлі жыбыс шығаратынын зерттеп жазды. Сол жылдары


«Вокруг света» журналының бір нөмірінде жарық көрген бұл материал ісі қазақтың назарынан тыс та қалған шығар. Әлем бірлікте. Су да, тас та , топырақ та, тірі дене. Иіс те, жады да бар, әр қилы дыбыс та шығарады. Табиғатқа жақын өмір сүрген ата-бабаларымыздың он сезе де білген, байланыса да алған. Табиғатқа жаудай қарап жүрген, ішке-ніне мәз қазіргі адам ол байланыс – бірліктен айырылып қалды. Кәзір ішкен



  • мас, жеген тоқ, біраз үлкеннің бала-шағасының санасының қандай боларына да шаруасы жоқ. Кешегі қарттар «лас адам (мас адам) келе жатқанда шөп те дірілдеп, жаратушыдан өзін мына ластың баспауын сұрайды» деуші еді. Солай екеніне сенеміз.


Жапон елінде өздері қасиет тұтатын Бива көлі туралы


«Бива таза болса Жапонияның бар суы таза» деген мәтел бар екен. Мына сұрапыл дамыған технологияның дәуір Бива көлінің де балдырланып, ластанып иістене бастауына әкелген. Өздері «Киелі құрсақ» атаған бұл көлдің ластануы Жапон халқының да жүрегіне тікендей қадалса керек, иісі жапон көлді құтқаруға бел байлаған. Иістенген көлді техниа пайдаланбай тазартуды ойластырған. Адам санасының, пәк рухтың судың физикалық құрамын өзгерте алатын қасиет- қуатын пайдаланған. Сөз рухын аса қадірлейтін тоқсаннан асқан қарт Нобуо Сиояның бастауыменг жиналған мыңдаған таза пейілді, рухы биік адам жиналып, ұлы жаратушы бір құдайға жалбарынып, Биваның тазалығын сұрап дұға оқы- ған. Мыңдаған адам дауыстап, әндете айтқан мұңлы дұға көл бетін кезіп кеткен еді. Бір ай өткеннен кейін газеттер көлдің суы тазалана бастағанын жазған.


Қазақта «Көп тілесе көл болады» деген мақал тегін ай-


тылмаса керек. Құрғақшылық жылдары Алладан жаңбыр тілеп, тасаттық беру дәстүрі еріккеннің ермегі емес. Бұл ата- бабамыздың ұлы рухпен сөз арқылы байланысуға сенудің шынайы көрінісі. Тасаттықтың ақыры көл-көсір жаңбырға ұласқан мысалы толып жатыр. Бабаларымыз тасаттық беретін жерге рухы биік, тәні таза, пәк адамдардың ғана баруын қатты қадағалаған. Өткен жылдардың бірінде 40 жылдық совхозының жерінде тасаттық берсе де жаңбыр жаумағанына налыған біреу «қайдан жаусын ел тонаған милиса, кінәсізді соттатқан прокурор, кеше ішіп, бүгін мүләйімсіген шалдар бар жерде құдайдың рухы түсе ме» деген екен. Дәл айтқан. Сөз қуат-құдіреті рухтың тазалығында.


Қазақ судың да, сөздің де қасиетін тани білген халық. Ел ішінде «Кеседегідей суға кетіп өлейін» деген сөз бар. Осыған амал жоқ сенесің. Белуардан келетін суға кетіп өл-генді көз көрді. Апталдай екі жігіттің бірі кеудеден ғана келетін суға тұншығып бара жатқанын көріп екіншісі соны құтқармақ бо- лып тұра ұмтылған. Ақыры екеуі де кісі бойынан аспас суға кетіп, қазаға ұшырады. Мұны не деп білерсің? Су екеуін бірдей неге тартты, неге жазалады деген сұрақ көңілден кетпейді. Мүмкін сол жерде бір астамшылық, не бір қатыгездік жасал- ды ма? Адам ұрпағының қайсысы кінәлі еді? Оны танып біле алмастай кезеңде өмір сүріп жатырмыз.


Әбітай ақсақал жігіт шағында Қояншы Қуанышекең деген ақсақалдың шай қайнату үшін келінін бұлаққа жұм-сағанын, алғашқы шелегін төктіріп, қайта жұмсап, екінші шелекті де төктіріп, «балам, ренжімесең суды қайта әкелші» дегенін, мұны жадына ұстаған келіні «Атам неге бүйтті, Алла күнәға жаза көрме,бисмиллаһ» деп еңкейіп алып, әкелген суын атасының құп көргенін айтқан еді. Сол «бисмиллада» үлкен тәуба жатыр, пәк сезім жатыр. Ақсақалдың үйде оты-рып, соны сезінуі де айрықша қасиет.


Жас келін түскен үйдің абыр-сабыры басылғаннан кейін ауылдың ақсақалдары сол келінге шай құйғызып ішу рәсімі болған. Келіннің отырысы, тұрысынан, шай құйған кесені ұсынып, қайтып алуынан, ақсақалдар әңгімесіне құлақ түруіне қарап, жас келіннің тәрбиелігі жөнінде бай- лам жасаған. Келінді неге қазақтың үлкен асы – табаққа толы ет асқысып сынамады екен дейсің. Кеседегі су-шай арқылы үлкендер бір байланысқа шыққан шығар деп тағы ойлайсың.


Кешегі жалаң материализм не дегізбейді. ХІХ ғасыр соңында әлемнің негізі бөлінбейтін бөлшек атом деген ілім- нің жеңуі, құдай жоқ, оны күйреттік деген ұран шығарды. Дүниені дүмбілез идеология билей жөнеліп, адамзат азуға


 


бет түзеді. Есті жұрт күйзелді, есуас әндетті. Қырып-жой- ған екі әлемдік соғыс өтті. Әркімнің-ақ құдайдай болғысы келді. ХХ ғасырдың екенші жартысында атомның да шексіз бөлінетіні, оның жоқтан бар болып, жатқаны ашыл- ды. Дүниенің негізі леп – энергия, қуат екен. Сол леп – энергия-ның ұйымдастырылған бейнесі жер басып жүрген адам да, жануарлар да, таста та, өскен орман, жайқалған шалғын да екен. Бар тіршілік тамырлас. Сонау ағашпен біздің та-мырымыз бірге. Баптаған иесін гүл таниды, балта ұстап келгеннен ағаш қалтырайды. Қатыгез біреудің қолына тап болып, көнін зорға сүйреткен аттың бұрынғы иесін көріп оқыранып, қанша сабаса да аяғын баспай жылағанын жазған еді бір жігіт. Оқып отырып ішім еңіреді.


Дүмбілез теория не дегізбеді дегеннен шығады, сол дертті бойына жұқтырған адам баласы сонан әлі айыға ал- май жатыр. Күйе оңайшылықпен кетпейді. Адамшылықты ақшамен өлшеп, байлықпен баптап, біреуді күң мен құл еткізгісі келеді. Шынай байырмалдылықты араққа ұйым- дасып, ішуден оза алмаған шалдар да бар. Адамнан туса да өзін құдайдай санағандар мен соның жетегіндегілер шал- қыған теңіз Аралды құртты. Бұл бүкіл адамзат ұрпағының алдындағы жауапсыздық. Ұлы жаратушы бір алланың жауаптылығын сезінбеген бейшара ғалымсымақтың, мем- лекет басшысының, шенеуніктің, басшысымақтардың адам- зат алдында жауапкершілігі болады деу әбестік. Олар үшін су да у, у да су. Мынауым теріс-ау дейтін түсінік жоқ, ұлттық тәрбие, қазақы ұғым да оларға жат. Тазалық күні өтеді, ақсақалдар бой көрсетсе дегенді. Оншақтыдан асасы келіпті. Бір кезде жәшігімен жетті жынды зәр. Оны әкелген ауыл әкімі. «Сыра сұрап жанымды қоймайды» деген ақталып. Жетпіс-сексенге келгені сіміріп тұр. Еміздікпен ішіп үйренген бұзау адыра қалсын. Ақыры құлап түскен біреуін көтеріп әкетіпті. Тойып алғанның алды біреудің әке-шешесіне беріп жатқан асына барды. «Ұят, өзі иманның бір мүшесі» дейді Абай (36-шы сөз). «Ұят адамның өз ит-тігіңді.    мойныңа


алып, сөгіп қылған қысымың» дейді-ау Абай. Мынау өзен тазалағандарда ұят туралы сөз жоқ. Олар ұрпақты отқа күйдіріп тұр ғой. Мұны көрген ұрпақ оңа ма? Өзен әйтеуір бір тазаланар. Мынаны көріп, бүлінбесе екен қазақтың жасы дейсің. Қазақтың шаңырағын бүлінбеген ендігінің жасы ғана биік ұстар.


Өткен жазда әлдебіреудің Нұраның жағасына не қилы дәріні шашып кеткенін, оны аузына салған бір баланың апта бойы ессіз жатқанын жаздық. Ау, сонда СЭС деген меке- ме қайда? Нұраға машинаны жалдатып қойып жуып жатады. Төмендеу тұста бала біткен шомылып жүр. Машина иесіне «әй» дейтін пагонды не пагонсызды таппайсың. Міне, біздің суды қасиет тұтқан түріміз.


Осы көңілге жұққан күйеден арыла алмай жүргендіктен шығар, аудан орталығындағы ауыз судың жыл өткен сайын ащы боп бара жатқанын айтып, төбе басындағы резервуар- дан екі жүз қадам жердегі тау етегінде зерттелген тұщы көл барын сөз етіп, соны қосу керектігін екі-үш жыл бойы ел ескертіп келеді. Әзірше, «дұрыс екенді» естімедік. Ал, сол тұщы көлдің үстіне қайтыс болғандарды жерлеу тоқталар емес. К.Медиев әкім болып тұрғанда бір шешіммен тый- ым салынған   еді, бүгін ол да ұмыт. Ал, әлемде ауыз су үлкен проблемаға айналып барады. Өткен жұмада ауыз су жетіспегендіктен   сонау Африканың да, іргелес Қытайдың да сан миллиондаған халқы ауыр хал кешті. Ілгеріні бол- жайтын ғалымдар «болашақтағы соғыс мұнай, темір, көмір үшін емес, қатерлі қырғын ауыз су үшін болады» деп жазып жатыр. Біз әлі селқос, ұйқылы-ояумыз.


Шәһәрдің іші толған әжетхана, үйлердің көпшілігінде септиктер. Олардағы ластанған сулар да тас-тастың жігімен топыраққа сіңіп жатыр. Елдің бұрыннан пайдаланып келе жатқан құдықтарындағы суды енді таза деп айтуға дәтің бармайды. Жалғыз бұлақтың қақ желкесіне де моншалар тұр түтіндетіп.Сол бұлақтың суы енді таза ма, әлде... Соны айырып жатқан тағы ешкімді көрмейсің. Бір әйел айтыпты қайнысына: «сен іше бер, саған бәрі адал,сасыған арақты да ішіп жүрсің ғой» деп.


Иә, судың да құлағы барын кешегі ақсақалдар ескертіп кеткен еді. Тылсым сыры мол қасиетті судың құпиясы ендігінің құлағына жетсе екен дейміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу