18.05.2021
  348


Автор: Кәмел Жүністегі

Қыс шілдесі сары аяз

«Қазақ әдебиеті» газетінің № 6 санында қазақы дүние- танымға көз жүгіртіп жүрген азаматқа ой салар «Ақпанның ақ түтегі» ме... деген материал шыққан екен. Иә, қазақы та- нымнан ада қалған, өздерін «журналист»пін дейтін талайлар


«Үркерді» – «Бикеш» деп атағаны сияқты қазақтың Сары Аязын «крешенские морозы» деп, ілдебайлап жүр. Зәулім- зәулім ағаштардың арасынан ас-пан әлемінің алақандай тұсын ғана сығалап көріп ғұмыр сүрген орыс Алтын Ордаға бас игеннен кейін ғана ұлы даланы көріп, Алтын Орда жұртының жұлдызды аспан, жыл-он екі ай туралы ұғымына таң қалып, енді өзінше тырбанған. Түсініктерінің тарлықтарынан жылдың әр мез-гіліне өздерінше Иван купала, Ильин день, роджество деп ат таққан. Әлемді әлемнің құбылыстарына байланысты таныған қазақ елі табиғаттың әр құбылысы аязы, бораны, жауын-шашыны, аптап ыстығына табиғаттың өзіне тән атау берген. (Бір материалға мұның бәрі сыймас, оқырманнан тілек болып, газеттегілер қажет деп санаса Қазақтың жыл он екі айы, Жұлдызды аспан атаулары,он екі айда болар амалдар туралы жеке-жеке материал беруге болады. Осыны сонау 22-23 жасымызда санамызға сіңірген саяси лагерьде 33 жыл бойы отырған Құнанбай Бейсенұлына мәңгі қарыздармын.)


Автор Орынбай Ошанов бүгінгі ай атауларының дұрыс еместігін атап көрсеткен екен. Бұған тәнтіміз. Бұл туралы өткен ғасырдың сексенінші жылдары жазғанымызды «ака- демиядағы мүйізі қарағайдай шалдар тулайды» деп газеттер баспай қойғаны бар. 1957 жылғы алғашқы «Қаз ССР тари- хында» жарық көрген күнтізбенің осы күнгі нұсқасы ғылыми талқылаудан өтпегенін жазды О.Ошанов. Қазаққа қазақтың сөзін айтқызбай қойған заман еді, енді неге түземеске деген сөз көкейге тіреледі.


Ұлы дала жұртының аспан әлемі туралы түсінігін жазған Әл- фарабидің, Ж.Баласұғынның, Н.А.Куфтиннің, Ш.Уәлиханов, Радловтың, М.Исқақовтың еңбектерін де зерделедік. 1954 жылы жарық көрген орысша-қазақша сөздікте профессор Н. Сауранбаев декабрь айын «ақпан», январь айын «қаңтар» деп атаған. Бұл халық ұғымына дәл келеді. Ұлы жазушы М. Әуезов те декабрь айын ақпан деп атап жазған. М. Исқақов


 


та ақпан «жылдың ең соңғы айы» дегенін оқыдық.


Автор «ақпан ай аты емес – амал» деп сәл қателікке кеткен екен. Енді, амал жоқ, сол айдағы амалға тоқталайық. Қазақ халқы жыл он екі айда болатын амалдардың көп-шілігін Үркер шоқ жұлдызымен байланыстырған. Үркер толғағы, Үркер шырқауы, Үркер аууы, Үркердің жамбасқа түсуі, Үркердің батуы деген күндердің бәрі құбылысқа толы. Үркердің сол жамбасқа келуі ақпан (декабрь)-ның 4-5 күндері болатын алғашқы аяз қырбастың қызылына дәл келсе, Үркердің дәл төбеге қарай біртіндеп шырқай көтерілуі Қыс шілдесі деп ата- латын Сары Аязға дәл. Үркердің тас төбеге шығуы Қаңтар (январь) айының 10 мен 25-нің арасы. Бұл күнді орыстар ғылыми еш дәлелі болмаса да Исаның туғаны «роджество» деп атап жүр. Қазақтың нағыз Сары Аязы осы.


«Ақпан ақырып келеді» дегені Қырбастың қызылы бол-


са, «Ақпанның ақтүтегі» деген осы ақпан (декабрь) айының он жетісі мен жиырма үшінің арасында бір апта бойы көз аштырмай соғатын «Теке бұрқыл» атты даланың атақты бораны. Осы боранды күндері Арқарлар жұптасып, Сәуір айының аяғына қарай төлдеп бітеді. Қазақ есепшілері Теке бұрқылдың қай күнінде боранның аса қатты болатынын да


«Ақыраптың алты» күніндегі есеппен дәл шығарып отырған. Есейдің есепшісінің ақпанның пәленінші күні ат құлағы көрінбесе ақ түтек болады дегеніне сенбегендердің малы жолда қырылғанын жұрт күні бүгінге дейін айтады.


«Екі ағайынды», «Ақпан-тоқпан», «Қазыбек наурызы» де- ген ай атаулар ұлы даланы мекен еткен халықтың даланың әр тұсында болатын жағдайларға байланысты қойған жер- гілікті атаулар. Жыл он екі айдың әр мезгілінде күндіз-түні мал бағып, жұлдызды аспан мен табиғаттың бірде дүлей, бірде тамылжыған құбылысын қалт етпей баққан қазақ ай атаула- рын сол табиғатпен тілдестіре атап, оған жеке адамдардың есімін кірістіре қоймаған.


Автор «Қытайдың жууы» дегенді де амал есебінде кіргізіпті. Табиғаты бізден алыс жатқан қытай жерінің ауа-райының құбылысы Алтай мен Еділдің арасында жатқан қазақ даласы- на тіпті де келмейді. Осы қытайға еліктемей қай «жууынан» болса да алыс жүргеніміз дұрыс болар. Қырғыздың «мүйіз аяз», «киіз аяз» дегені атауы ұқсас болғаны мен дені бөлек.


 


Қазақ Үркер оң жамбасқа түсіп (бұл осы күнгі наурыздың 8-9 арасы) толқыма өткеннен кейінгі шақта «Түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз» деп атайды. Қырғыздың «кемпір аяз» дегені қазақ атауларында кездеспейді.


Осы мақалада тағы бір кеткен қателік «тоғысу» туралы. Автор тоғысу Ай мен Қамбар жұлдызының қиылысып өтуінен деген екен. Негізі тоғыс есебі Үркер мен Айдың бір күні көктің бір тұсына дәл орналасу есебінен жүргізілген. Бір тоғыс Ма- мыр айының 17 күніне шамалас. Онан әрі «үш тоғыс», «бес тоғыс», «жеті тоғыс», «тоғыз тоғыс» болып әрмен қарай кете береді.


Мақалада «Үт амалы жиырмасында кіріп 25-інде шығады» деген бар екен. Бірақ қалам иесі бұл Үттің не екеніне ба- жайлап тоқтамапты. Бірақ онан арғы бір тұста «Үт – сауда- гер» – дегенді келтіріпті. Дұрысында Үт – айдың аты. Оны кейбіреулер парсынын «худ» деген сөзінен шыққан десіп жүр. Бұл да қазақы танымнан адасып қалғанымыздың бір көрінісі. Үт – қаңтардан кейінгі ай. Айдың атауы да қазақы дүниетанымда жатыр. Осы айда терезеден түскен сәуледе, үй іші қаншама таза болса да, қолға ұстатпайтын, тек көзге ғана көрінетін өте ұсақ ақ ұшқын қалықтап жүреді. Ақты сүт дейтін халық осы ақ ұшқынды «үт» деп атаған. Қолдағы кей малдың төлдей бастайтын тұсы да осы ай. Европа халқы


«балықтар» деп атайтын, Көнек жұлдызынан кейінгі шашы-


ранды жұлдызды да қазақ «үт» деп атаған. Европаға еліктеп зодиактағы сол жұлдыз шоғын да «балықтар» деп жүрміз, дұрысы «Үт». 


О.Ошанов жазғандай «өлкесі бөлек, ділімізге, дінімізге жат Ресейдің» орысының қалың орманның арасынан ас- панның алақандай тұсын ғана сығалап көріп, адасып жүріп, ауа-райынан әр құбылысына әулие-сымақтарының атын қойғаны бізге жат. Шоқындыру мақсатында бір аязды «кре- щенские» десе біз оған неге еліктеуге тиіспіз. Қазақ мұсылман, шоқыну элементін сыналап кіргізуге жол беруге болмайды. Табиғаттың тылысым күшінің атауын қазақ сол табиғатпен тілдестіре атаған. Қазіргі Қаңтардың орта тұсында болатын аяздың атауы – «Сары Аяз».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу