18.05.2021
  210


Автор: Қадыр Мырза Әли

Ағамның жауабы

Өзімше бір мақтанып,
Хат жазғанмын ағама.
«Аға, қазір хат танып,
Жарып жүрмін бағаға.
Сұрақтарға кідірмей
Бере аламын жауапты.
Диктант болса, мүдірмей
Жаза аламын сауатты».
Ағам жауап жолдапты,
Жетіп келді бес күнде.
Оқып шығып ол хатты,
Көрсетпедім ешкімге!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу