Өлеңдер ✍️

  18.05.2021
  236


Автор: Қадыр Мырза Әли

Бұлт пен Қаңбақ

Күзгі дала көріксіз,
Құйын соғып есірді.
Қаңбақтарды еріксіз
Қуалады, көшірді.
Бірі жолда шалқайып,
Боз аспанға қарады:
Қанаттарын кең, жайып,
Бұлттар көшіп барады.
Қаңбақ өзі ілгері
Қалбаң қақты, бұлтарды...
Қарап жүрмей тілдеді:
«Қаңғыбас!»— деп бұлттарды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу