Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.05.2021
364

Күз
Жайып салып алдыңа қалағанды,
Жемісті күз кезінде келе қалды.
Жоқ еместің бәрі бар қоржынында,
Жаратпайды бірақ ол тонағанды.
Күтіп жүр ек біз оны әуел баста-ақ,
Жәрмеңкені жібердік дереу бастап.
Астық, мақта, миуасын — бар байлығын
Алып қалдық еңбекке айырбастап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter