Өлеңдер ✍️

  18.05.2021
  320


Автор: Қадыр Мырза Әли

Суға барған сұлулар

Бойжеткендер,
Балдыздар
Бір кездегі аңыздай.
Су тасиды бал қыздар
Бір тамшысын тамызбай.
Қыр әніне зәрумін,
Қызықтырар жыр мені.
Иінағашты арудың
Білінбейді жүргені.
Жолыққанда ақ маңдай,
Жігіт қандай күй кешкен!
Шөлдеп бара жатқандай,
Су сұрайды бикештен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу