Өлеңдер ✍️

  14.05.2021
  311


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

Қане, достар, қимылдалық күн қызбай

Қане, достар, қимылдалық күн қызбай –
Тер шығады – жел соғады бір мұздай.
Мынау алқап өзінше бір аспан ғой,
Шөмелелер – жұлдыздай.
Әр табанда бір дүние аунайды,
Ойламайсың дала жәйлі, тау жәйлі.
Шөмеле артқан балақоштың іздері
«Құс жолынан» аумайды.
Космоста жүргендейміз біз-дағы.
Айыр-саптың уысыңда қызғаны –
Қуаттырақ әсер етер атомнан.
Қосмонавпыз біз-дағы.
Адам терлеп, көңілденед, о несі?
Терге ғана балқиды оның денесі.
Терлемесе, қуанбаса күрсініп,
Қайдан болсын тіршілік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу