Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.05.2021
268
Буын
Әй, осы бір... буын деген бір «бәле»
Әкелем деп отыр екен жырға не.
Он бір, сегіз.... шыдай алман, әй тегі,
Ал егерде он бес болса қайтеді?
Жоқ!. Болмайды – болмайдыға көнбес те ем,
Абай аға жазған болса он беспен.
Ал егерде алтау болса нетеді?
О, жетеді, жетеді!
Буын, буын емес сенің мазағың,
(мазақтауға болады ғой бірақ та).
Қандай ғажап құйылады құлаққа
«Мен сәлем жазамын».
Олай болса мен сәлем айтамын,
Сол бір сыншы жолдасқа:
Мазмұнда екен бар керемет– байқадым,
Сыншыда да мазмұн деген болмас па!
Әй, осы бір буын деген бір қырсық
Шыға келді тағы алдымнан білгірсіп.
Бір сыншы тұр құлағын тосып үніме
Әне, ол қолын бір сілтеді түңіле.
Бақсам, оның құлағында екен таланты,
Мен батыппын босқа ойға.
Құлақ деген – мықты талант, тегінде,
Бірақ Бас қайда!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter