Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.05.2021
271
Көктем әсерінен
Жасыл түсті секілді нұр, арай да,
жасып қалған секілді алап, маңай бар.
Тастардан да сабыр қашқан тәрізді,
Кәрінің де ақылы жоқ абайлар.
Көк теректер көтеріліп еңсемен,
желпінетіндей биікпін деп, мен сенен,
мен де терек жапырағы боп сылдырап,
мен де еменнің бұтағы боп теңселем.
Көңіл шіркін әр қилы ғой,
әр қилы,
әсері де ән күйдің:
ақ гүлдердің арманы боп ашылып,
қызыл гүлдің қиялы боп қалғимын.
Баяу жылжып капрон-бұлт, ақ мұнар
мына қырдан ана қырға қақтығар.
Жел үп етсе көңіл құсап өрепкір —
өрепкуге дайын тал мен терек тұр.
Бір ғажайып нұрлы шақ:
фонтандар тұр көкке күміс бұрғы сап.
Сәске түсті бүкіл осы Жетісу
газ-орамал жамылғанға тұрды ұсап.
Көктем гүл тас Жұмекен Нәжімеденов Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығы Жұмекен Нәжімеденов өлеңдері әсер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter