Өлеңдер ✍️

  14.05.2021
  278


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

Жеті апта

Жеті апта, жеті апта мезгілге көп емес,
Аз ба екен жеті апта жағалас, «төбелес» –
Бір майдан тірліктің іргесі солқылдар,
Өмірді өңмендеп тепкенде толқындар.

Толқындар соғады, қағады кемені,
Төрт батыр жаны ұшып, алысып келеді.
Төрт өмір, төрт жүрек орнаған бір кеуде,
Бір кеме, бір үміт тек алға сүйреуде.

Сүйрейді, сүйрейді бір арман, бір үміт
Үнемі шалғайға, алысқа жүгіріп.
Бір кеме! Адамдар винт боп бұралған –
Советтер Одағы осылай құралған.

Көк те аспан, жер де аспан – қосылып көлбейді.
Айнала бір аспан – секір де өл! – дейді,
Сақылдап күледі, сарқырап ағады.
Өлмейді, өлімді жеңеді Советтің адамы!

Жеңді олар, сол жеңіс көтеріп келеді,
Отанның абройын, ғажайып кемені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу