Өлеңдер ✍️

  14.05.2021
  257


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

Ұғыстық... тентек жүрек көнді саған...

Ұғыстық... тентек жүрек көнді саған,
Көндім мен, болмасам да көнбіс адам,
Жарасып қалды екі жан, екі көңіл
Бірі – көк, бірі мынау көлге ұсаған.

Ұғыстық... жаным несін қалсын аяп?
Ұғыстық ұзақ жүрер жолшыдай-ақ.
Ұғыстық... тау бөктерлеп бір елікті
Бірігіп қуатұғын аңшыдай-ақ.

Тартады күннен-күнге жүзің ыстық,
Екеуміз бір бұлақтан жүзіп іштік.
Бір бұтақ жемісіне қызығыстық...
Әйтеуір біз ұғыстық, біз ұғыстық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу