Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.05.2021
435
Шіркін сөз-ай, құдіретті ең сен неткен...
Шіркін сөз-ай, құдіретті ең сен неткен!
Мықтысың сен болаттан,
Осалсың сен шөлмектен.
Сөздің қасиетін сол
Сөз еткен тек мен деп пе ең!
...Албырт жандар күйіп-жанып, алаулап,
Сол алаудан күй дәме етіп, ән аулап,
Естілгенде бір ғажайып жыр үні
Тынып қапты бұлақтардың гүрілі.
Бұлт қарапты қаһарланып, тұлданып,
Жерге жарық түсірді екен күн нағып?
Сол бір күннен қызулырақ жүректі
Ақын депті, ақын депті бұл халық.
Асқар шыңдар жасырыпты бойларын,
Асығыпты ақылға арман, ойға мұң.
Ақын – мұңды, толды жаны ызаға,
Ол ызаны, мен мынаны ойладым:
«.. Сол адамды жасағанда ақын ғып
«Құдайға да» біткен шығар батылдық!»
сөз құдірет қасиет Жұмекен Нәжімеденов Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығы Жұмекен Нәжімеденов өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter