Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.05.2021
338

Түйсігі бар тастың да...
Түйсігі бар тастың да,
Тас та кейде жұлқынар...
Мына қабақ астында
Көшкен елдің жұрты бар.
Анау емен түбінде
Қурап, ұшып, үгілген
Жапырақ бар бүгінде –
Жүгірме, жел, жүгірме!
Түнгі аспанның өрінде
Жұлдыз дейміз жанғандар –
Ақыл, ойдың төрінде
Ардақталған арман бар.
Сонау күннің көзінде
Төгілмеген жалын бар.
Мына жердің өзінде
Бәрі де бар – алыңдар!
Қайрат, шыдам, ұстам бар,
Салмақталған сабыр бар –
Таңдап бірін ұстаңдар,
Іздеңдер де табыңдар.
Анау таудың басына
Қарашы, бұлт тиюін.
Бұлттар, бұлттар жасырма
Табиғаттың биігін...
түйсік жұрт сабыр Жұмекен Нәжімеденов Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығы Жұмекен Нәжімеденов өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇