Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.05.2021
487
Менің Қазақстаным
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Думанды бастады,
Далама қарашы.
Кең екен Жер деген,
Жерге дән шықты ғой.
Дән егіп, терлеген,
Қазағым мықты ғой.
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім,
Туған жерім менің – Қазақстаным.
Сағымды далам бар,
Сабырлы көлім бар.
Қараңдар, жарандар,
Осындай елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Ежелгі досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай.
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім,
Туған жерім менің – Қазақстаным.
Қазақстан дала жер қазақ Жұмекен Нәжімеденов Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығы Жұмекен Нәжімеденов өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter