Туындылар ✍️
Доңғалақ жұптарын жөндеу және куәләндыру
Әр дөңгелек қосағы жөндеу жұмысынан соң қара түске боялады. Бұл жұмыс арнайы бөлінген ортада қолдан боялады. Мұндай бояу әдісі, өнімнің және бояушылар ыңғайсыз жағдайда жұмыс істейді. Шаңдатқыш арқылы бояу, дөңгелектің бояуға тиісті жерлерін түгел қамтымайды.Осы жобада ұсынылып отырған қондырғы дөңгелектің іші – сыртын, дискаларын, осьтерін түгел бояуға мүмкіншілік береді, әрі депода қолдануға болады.Қондырғы дөңгелек бояуды автоматтандыруға және оны түгел ағынды жөндеу әдісіне қолдануға мүмкіншілік береді, бояушылар еңбегін жеңілдетеді. Бір дөңгелек бояуға шамамен 3 минуттай уақыт кетеді, бір сменада 200 дөңгелек қосағын бояу алады.Қондырғы көлбеу рельс жолдан дезидаментне отырғызылады тұғыры, соратын желдеткіш және дөңгелек қосағын айналдырып тұратын механизм бар камерадан, камера ішінде бояу жағатын роликтер орналасқан. Камераның үстінде белгіленген.Автотежегіш құрамдарын жөндеу бөлімшесінде ТК – 8, ТК – 6 кезекті жөндеу және ТК – 3 техникалық қызмет көрсету учаскілерінде тепловоздан алынған автотежегіш құрамдары жуылады, тазаланады, жөнделеді және сынақтан өтеді.
Теміржол транспортының қызметкерлері еңбек қорғау нормаларын, нұсқауларын және ережелерін өзінің тікелей қызметіне байланысты өте жақсы білуі керек, сонымен қатар ұқсас профессияларға байланысты ережелерді үйреніп, керек уақытында қауіпсіз еңбек әдістерінқолдана білуі керек. Еңбек қауіпсіздігін қорғаудың басты шарты, еңбек қорғау ережелерін үйрету, оқыту және үнемі тексеріп отыру.
Жылжымалы құрамадан шығатын, қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар локомотивтің әр түрлі агрегаттарынан тамшылаған және дизельден шығатын жұмыс істеген газ.Мұнай өнімдері қалдықтарын жинап алу үшін тепловоздың май ағатын орындарына әр түрлі жинау ыдыстарын қою және канализацияға қосылып кеткен май қалдықтарын жинау үшін мұнай ұстағыш қондырғыларын орнату, немесе кәсіби науқасқа шалдығуы мүмкін. Оған қоса ол мекемеге көптеген материалдық шығын келтіреді. Мысалы осы себептерден, тек қана осы ауыл шаруашылығында жыл сайын 3,5 миллион жұмыс жоғалады және емдеу парағына сәйкес 40 мың теңге қаржы төленеді. Оған қоса әр адамның емханада жатып емделуге одан да көп қаржы шығындалады. Демек, еңбек қорғауға яғни қауіпсіздік техникасы мен өндірістік тазалық сақтауға жұмсалатын шығын өзін өзі ақтай алады.Сондықтанда біздің елімізде жыл сайын, бұл мақсатта миллиондаған теңге қаржы жұмсалады. Тек қана оны тиімді етіп, жарақаттану мен науқасқа шалдығу көбірек кездесетін ауыр жұмыстарда пайдаланған жөн. Сондай – ақ зиянды және қауіпті факторларды болдырмаудың шараларын алдын – ала қарастырып отыру қажет. Ол үшін сол факторлардың болу себептерін жүйелі түрде талдап, қорытып отыру керек.
Еңбекшіге қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болдырмау мақсатында техника қауіпсіздігіне сәйкес технологиялық процесс және өндірістік құралдарына қауіпсіздік талаптары жағдайларын тудыратынфакторлардың өзі төрт топқа бөлінеді:
- Физикалық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Оған жататындар қозғалыстағы машиналар мен механизмдер, станоктар мен стендтер жұмыс орнының шаңдануы мен баздануы температуралық режим шу, діріл, қысым, ылғалдық, жарықтылық.
- Химиялық жарықтылық өндірістік факторлар. Оған жататындар денені уландырғыш, қоздырғыш, түршіктіргіш, жүрек айнытатын затты ойлау, ескеру мүшелеріне қызметіне әсер ететін факторлар.
- Биологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Оған жататындар бактериялар, вирустар, денеден микроорганизмді қоздыратын факторлар сондай – ақ өсімдіктер мен жануарлардың денсаулыққа нерв жүйесіне әсері.
- Психофизиологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Оған жататындар жүйке шамадан тыс күш түсіретін ойлау мүшелерін зорландыратын факторлар мен еңбектің бір қалыптылығы, қызбалық, еңбекшінің тез әсерленушілік қасиеті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter