Өлеңдер ✍️

  10.05.2021
  204


Автор: Ардақ Жолдыбаева

Таңшолпанның 25 жылдығына

Елеулі күн ұлттық арна төрінде,
Көзайым ғой көрерменнің көбіне,
"Таңшолпан" деп Мұртазаның Шерханы
Кейіпкерін танытты қазақ еліне.

Тарихына тереңдеп тоқталайық.
Архивтерді шетінен ақтарайық
Лаура менен Иманбайлар жүргізгенде
Ақпараттар болмады босқа ғайып

Бақберген мен Серік, Нұрлан ағалар
Халқым  оны əркезде де бағалар
Режиссёр мен редакторлар қаншама
Еңбектері елеулі боп саналар

Ұлы дала ұлықтайтын тəрбие
Қазағымның арнасынан табылсын
Ұйқысынан оянатын əр қазақ
Таңшолпанмен жұмысына ағылсын

Түрлі айдар халыққа ең керегі
Таңшолпанды жас та, кəрі көреді
Эфиріне келіп қалса қонақтар
Біздің үйде соған көп мəн береді.

Қызыл тілім қылыштай сермеп өтер
Өлеңіммен өлмейтін өрнек етер
Маядай орыс қызы келген кезде,
Ойлап ем, қазақ тілін білмей кетер
Қазақшасы су секілді аққан кезде
Қазақтың жүректерін емдеп өтер
Жүргізіп  тікелей эфирімде
Ақпараты түкпірлерге əркез жетер
Қаншама жүргізуші əлі есімде
Тарихымды танымау болар бекер
Қазағымның арнасында Таңшолпаным
25 жыл халыққа еңбек етер.

Келіп қалса шабыт деген арғымақ
Бұл Ардағың қалам алып əн қылмақ
Туған күнің құтты болсын "ТАҢШОЛПАН"
Эфирімде бола берсін мəңгі бақ....




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу