Өлеңдер ✍️

  10.05.2021
  275


Автор: Белгісіз

Өлең жаздым

Өлең жаздым сөздерден құрап-құрап,
Бұл ойымда сансыз мың сұрақ тұрат.
Жауап жазсам өлеңіммен кейбіреуі,
Ойға батып,алдымда жылап тұрат.

Өлең жаздым ойлардан жұлып алып,
Бар шындықты жаза бердім тұрып алып.
Жыр жазатын дәптерім болмаса да,
Телефонды қойын дәптер қылып алып.

Өлең жаздым адамдардан сұрап алып,
Айтып жатқан өтірігімен құрап алып.
Шындығы жоқ,керексіз өлең екен,
Адамдардан шындықты сұрамалық.

Өлең жаздым қиялдан тартып алып,
Өлеңімді өзіме жар қып алып.
Қиялыммен бақытты болдым кейде,
Қуанышты иығыма артып алып.

Өлең жаздым жүректен сұрап алып,
Арасында білдіртпей жылап алып.
Жүрегіме мұнша мұңдар сыйды қалай,
Бөлінген бұл жүректі құрап алып.

Өлең жаздым тағдырымды мына қаздым,
Сенде ақыным дәл осылай өлең жаздың.
Өмірімді баяндап жырға қосып,
Өлең жаздым ақынша өлең жаздым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу