Өлеңдер ✍️

  10.05.2021
  292


Автор: Белгісіз

Қазағым

Мақтан етем мен өзіңді қазағым,
Өзің жайлы өлгенімше жазамын.
Менде қазақ,сенде қазақ бауырлар,
Біз біріксек кім біледі озарын.
Бітсінші көрген күнің азабың,
Қуанышта болсын енді базарың.
Жауымызды ысырып тастайықшы,
Болмайықшы енді біздер мазағы.
Өзге жұртқа бермеңдерші қыздарды,
Елім жатыр ашуы бар ызғарлы.
Ата-анасы қиып қалай бересің,
Өсиетті қалай ғана бұзғаның.
Есіңді жи қазағым-ау ойланшы,
Болашағың қандай болат ойға алшы.
Бірігейік қазақ атын сақтайық,
Қазақ болып бүкіл жерде тойлашы.
Елді бұзған жауларыңды қуып шық,
Жерімізде тайраңдатып қоймашы.
Ей қазағым есіңді жи тұр жатпа,
Қазағымның ұрпақтарын ойлашы.
Қазақпыз, аңқау дейді бізді өзге,
Қалмайықшы алданып босты сөзге.
Қазақпыз ба намысты жібермейік,
Ей халқым сұрағым бар мына сізге.
Кім кеп кетпейді елімізге,
Қытайдікі боп барат жерімізде.
Айтыңызшы қазаққа лайық деген,
Депутаттар барма өзі елімізде?
Әттең елім қазағым момын елім,
Момындығы беріп жатыр мына жерін,
Арамызда шакалдар қаптап кетті,
Ақшаға сататұғын мына елін.
Қасқырдай бөлтірігін талатпаған,
Депутат барма өзі сан ақтарам.
Шүйберідей өз елін жаны үшін,
Қаскүнемдер кейбірін талапта алған.
Ақша болса депутатта,бастықта би,
Қара қалық таппай жүр баспана үй.
Хан сарайы оларға тарлық етер,
Әр қалаға салдырған патшаға үй.
Момын елім билікті ал қолдарыңа,
Қазағым-ау болды жетер есіңді жи.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу