Әңгімелер ✍️
М. Е. Салтыков-Щедрин
(Қайтыс болуына 50 жыл толуына)
Орыстың ұлы сатиригі Михаил Евграфович Салтыков-Щедрин 1826 жылы январьдың 27 күні Тверь губерниясындағы ауқатты шаруаның семьясында туды.
Кішкентай бала шағынан бастап зорлық - зомбылықпен жаны қас болды.
Әкесі, Салтыков 10 жасқа толғанда, оны Мәскеудегі дворяндар институтына береді. Онда екі жыл оқығанда сабақтан өте жақсы үлгіргені үшін отличниктер қатарында Александр Сергеевич Пушкин тәрбие алған Царскосельский лицейіне ауыстырылады.
Бірақ бүл оқу келешек зор талант иесі Салтыковты қанағаттандырмайды. Өйткені лицейдің даярлайтыны чиновниктер, оның жақын кызметкерлері еді. Бұл қызмет Салтыковты еліктірмейді.
Салтыков әдебиетпен шұғылданады. Әсіресе оның сүйіп оқитыны орыстың ұлы сыншысы Белинскийдің шығармалары болды. Салтыковтың ең бірінші тырнақ алды еңбектері «Қарама-қайшылық», «Шатақ жағдайлар» повестері. Бұл шығармаларында жазушы өзінін революциялық идеяларын білдіреді. Бірақ патша үкіметі жаңа өсіп келе жатқан тамаша жазушы Салтыковтың соңынан тексеру жүргізіп тұтқынға қамап, Вятька даласына жер аударады. Салтыков коғамның мәдениетінен, саясатынан амалсыздан қол үзіп, сегіз жыл шамасы айдауда жүреді.
Салтыков тек жазушы ғана емес еді, ол өте ірі саяси қайраткердің бірі еді. Оның шығармаларынан самодержавиеге, езуші тапқа қарсылық пікірлер көрініп тұрады. Ол сонша жігермен, сонша қайратпен, сонша адамгершілікпен өзінің шығармалары арқылы самодержавиеге қарсы күрескен. Өзінің «Бір қаланын тарихы», «Ташкенттік мырзалар», «Губерниялық очерктер» деген шығармаларында ашық айқын Ресей шаруаларының типін және жауыздық, езушілік, капиталистік қанауларды тамаша суреттеп анық көрсетеді.
Салтыков-Щедрин езінің шығармаларында капиталистік қоғамды оның ішіндегі соның жақтаушыларын, помещиктерді, кулактарды, езуші таптарды сықақ етеді.
Салтыков шығармаларында шындық типтер, келісімді образдар беріледі. Сондықтан да, адам баласының данышпаны Ленин ұлы жазушының өткір сөздерін жиі пайдаланады.
Салтыков-Щедрин 1889 жылы майдың оны күні қайтыс болды.
Совет халқы, совет жастары, біздің пионерлер мен мектеп оқушыларымыз да ұлы революционер, демократ - жазушы Салтыков-Щедрин шығармаларын сүйіп оқиды. Оның тамаша еңбектері совет әдебиетінің алтын қорына, бай қазынасына кіреді.
«Октябрь балалары»
1939 ж. 12 май. № 35
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter