Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.05.2021
217
Қысылғанда
Жан едім ойым теңіз, кеудем кемем,
Көңілімнен күй ұшыра беретін ем.
Көгінде туған елдің бұлт боп қайнап,
Күркірей жыр төгуге төнетін ем.
Сол кезде нажағайдай жарқ-жұрқ ойнап
Алдыма ұйқас, ырғақ келетін ең,
Сонда мен жанып жүріп от сөздерге
Жалынды жаңа бір жыр беретін ем.
Апырм - ау сол шабытым қайда кеткен,
Шығады бүгін даусым неге төмен?
Көз бұлдыр, көңіл күңгірт, сезім салғырт
Тартпас деп өлгенімше сенетін ем.
Дәл қазір жылу тұрмас жыртықтаймын,
Қан шықпас кесіп алса көк етімнен.
Мезгілсіз қыранымды қашырып aп,
Қалдым ба жалғыз кәрі төбетіммен.
Қалықтап қайта шабыт оралмаса
Халқыма қараймын мен не бетіммен!
1959
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter