Өлеңдер ✍️
Уақыт
Уақыт ұшып барады от қанатты,
Жақындатып жырақтан болашақты.
Кәрі ойлайды бүгінге берешекті,
Жас ойлайды ертеңнен алашақты.
Ойламаушы аларын, берерін де,
Салмайды көз салмақпен келер күнге.
Отыруға ойсыз - ақ ұялмайды,
Аямайды өлер деп өнерін де.
1960
*∙*∙*
Жаңа тәртіп дүниеге кіргіздік те,
Өзімізше уақытты жүргіздік те,
Ленинизм қолына туын бердік,
Ракетаға советтік мінгіздік те.
Уақыт тапты жаңа бір шапшаңдықты,
Кетті бастап ілгері шапшаң жұртты.
Қарап тұрып уақытқа от қанатты
Дейтіндер бар:- бұл өзі қайдан шықты?
Жасы жеткен, күні өткен кеселдіге,
Табытында кебіні төсеуліге,
Күліп уақыт өтеді, тоқтамайды,
Күтпейді ол мешел мен мешеуді де.
Жаса, уақыт жастығы заманымның,
Жолын ашқан өмірге жаңарудың.
Болашаққа бүгіннен бірге ұшатын
Мен де сенін кішкене жалауыңмын.
1960
*∙*∙*
Сағатқа қарай бердім, қарай бердім,
Уақыттың қозғалысын санай бердім.
Мен қараймын, барады уақыт заулап
Асып әрі үстінен сонау белдің.
Талай сағат өтіпті, талай күндер,
Бақылашы - қалған кім?
Озған кімдер?
Қап-қара боп сәулесіз елестейді
Шулығанмен күн сайын созған түндер.
Толды талай шарапқа хрустальдар,
Саулығы үшін көтердік, туысқандар.
Жағаласып сан рет жақсы достар,
Татуласты сан peт суысқандар.
Біз отырмыз қимылсыз, күн қозғалды,
Талай өшті электр, талай жанды.
Шыр көбелек жүгірді сағат тілі,
Ұшқан жерден ракета айды айналды.
1960
*∙*∙*
Егін көрсем кезінде орылмаған,
Шөпті көрсем көгінде шабылмаған.
Малды көрсем бабымен бағылмаған,
Жырды керсем жалынмен жазылмаған.
Кілт кесіліп айтатын ұзақ әнім,
Қайрат, уақыт! - деймін де қызарамын.
Ескермеумен келеміз ескілерше
Еңбекпенен өмірдің ұзарарын.
1960
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter