Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.05.2021
184
Қыз қайда?
Әзіл
Келемін тынбай ізденіп,
Ажарын бағып әр қыздың
Өтеді жазым, күз келіп,
Қыста да қызсыз жалғызбын.
Апырм - ау қайда, қыз қайда,
Елес боп естен тандырған?
Рас-ақ шығып тұрмай ма,
Бұрала басып алдымнан?
Үйленді бәрі құрдастың,
Үйленбей қалған жалғыз мен.
Таба алмай тілін бір жастың
Қылжақтай берем әр қызбен.
Қаңғырмай жалғыз күңіреніп,
Қалдырмай жалқы ізімді,
Қауышсам екен тез көріп
Қиялдай көркем қызымды.
Апырм - ау қайда, қыз қайда,
Елес боп естен тандырған?
Рас-ақ шығып тұрмай ма,
Бұрала басып алдымнан.
1957
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter