Өлеңдер ✍️

  08.05.2021
  303


Автор: Әбділда Тәжібаев

Толқиды бидай

Толқиды бидай, шалқиды бидай,
Асады толқын толқыннан.
Толқындай толқып, торғындай шалқып
Шарықтайды біздің ән.
Күндей күлген ел нұрлы,
Күн емізген жер нұрлы,
Толқиды бидай, шалқиды бидай,
Ажары сұлу алтыннан.
Шалқыған еңбек, жүректі тербеп
Шарықтайды біздің ән.
Күндей күлген ел нұрлы,
Күн емізген жер нұрлы.
Толқиды бидай, шалқиды бидай,
Көз жіберсек қырманнан,
Жинаймыз тынбай, біріміз мыңдай,
Шарықтай түс біздің ән.
Күндей күлген ел нұрлы,
Күн емізген жер нұрлы.
Шалқыған еңбек, жүректі тербеп
Тасады біздің колхоздан
Партия күнде бізбенен бірге,
Шарықтай түс шаттық ән!
Күндей күлген ел нұрлы,
Күн емізген жер нұрлы.

1938




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу