Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.05.2021
194
Той күнгі толғау
Мұнан он жыл ілгері,
Елдің ескі шағында,
Елдің надан уағында,
Қарындасым күң болды.
Атасына жалтақтап,
Енесіне қалбақтап,
Ертелі-кеш салпақтап,
Ері «ә!» десе, жым болды.
Күн неме деу ат болып,
Бір жүре алмай шат болып,
Шаттық күні жат болып,
Жас жігері құм болды.
Мал орнына сатылып,
Бес-он қара құн болды.
Сөйтіп көксеп теңдікті
Көрмейін деп кемдікті,
Сүйгеніне бара алмай,
Сүймегеннен қала алмай,
Өзіне не бола алмай
«Теңдік» деген мұң болды.
Бостандықтың таңы атты,
Теңдік - теңдік шын болды.
Апа, сіңлі ту алып,
Қол ұстасып қуанып,
Топ-топ болып топтанып,
Тудың асты мың, болды.
Білім алып мектепте.
Бірдейлікке жетпекке
Тапты даңғыл бір жолды.
Міне, соған тап бүгін
Табанды он жыл өтті,
Талай ауыр күн өтті,
Енді өткен күн жыр болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter