Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.05.2021
231
Кішкене портрет
Өзгергіш бояу секілді,
Осы бір адам қызық - ақ:
Жап-жаңа жүзі жылы еді
Сұрлана қалды бұзып ап.
Ажарын баққыш өңгенің,
Менікі дегіш – жеңгенің
Ұмыта қалғыш алғанын,
Есептей қойғыш бергенін.
***
Сен әуелі тоқташы өзіңді өзің,
Қалай саған ұнайды бұл мінезің?
«Алсам», «болсам» дегеннен басқа ойың жоқ.
Сәл шыдауға таппайсың титтей төзім.
Жүрегің тар, пейілің тар, ашқарақсың,
Маған доссың, әйтсе де басқарақсың.
«Әбең - Әбең» дейсің де сөзбен алдап,
Түкке асырмай «Әбеңді» тастамақсың.
Немеме? Мен сыйлауға тұрмаймын ба?
Жөні бар ғой қиюдың, қимаудың да.
Жұрт ұйғарды, жөн десең нең кетеді,
Сен сиятын жерге мен симаймын ба?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter