Өлеңдер ✍️
Қарт ана Мәншүк жайын ойлағанда
– Тап-таза, мөп-мөлдір... көгілдір
Жан еді-ау жапырақтай көктемгі.
Шырқайтын жыр қылып осынау өмірді,
– Әнсіз бір жарылып кетердей от кеуде.
Жан берді жалғызым өрт - топан майданда!...
Соғыс қой ақмарал аруды сындырған.
О, бүгінгі жауапты, адамдар,
Ертеңге жауапты адамдар,
Сақтандар ұрпақты -
Апаттан,
Қырғыннан!
***
Білмеймін шыным, себеп не,
Сырымды түгел ашпаймын.
Жатады тынып ішімде,
Шідерлеп көбін тастаймын.
Келемін күліп жайраңдап,
Алаңым жоқтай бөгелер.
Ой шіркін жатыр ойрандап,
Арманды не бір көгерер.
Ақтарар едім сырымды,
Сергіту үшін сезімді,
Ұғынбайтындар мұңымды
Етеді күлкі өзімді.
Аяймын ұғар жақынның,
Жарасыз, дақсыз жүрегін.
Серігі қасірет ақынның,
Көтеріп өзім жүремін.
***
Мықтымыз темір ғой,
Оп-оңай сынбайтын.
Темірді көмір ғой,
Жандырып шыңдайтын.
От болса тағдырым
Онда мен темірмін.
Сынбастан жасаймын
Үстінде жерімнің.
***
Асыға берем сабырсыз,
Ұмтыла берем әр неге.
Әндете берем дамылсыз,
Арыным сыймай кеудеге.
Тауларым жатыр заңғарда,
Бұлттарым жатыр төменде.
Бораным у-шу даламда
Айқайын қосқан өлеңге.
***
О, қайран жер, қайырымды жер,
Күшті едің ғой берші жігер.
Жаралғансың адам үшін,
Бір өзіңсің таянышым.
Әжем де сен, атам да сен,
Төсегімсің жатам десем.
Сабырыңнан бер сарқылмайтын,
Жасыныңнан бер жарқылдайтын!
Теңізіңдей тереңдік бер,
Теміріңдей берендік бер,
Мен де өзінше көтерейін ауырды,
Қиналғанын білдірмейін жанымның.
***
Еш уақытта іш пысқанға төзбеймін,
Ән менен күй, дырду - думан іздеймін.
Болдырғам жоқ, еңбекке де икеммін,
Ауыртпаңдар арзан сөзбен жүйкемді.
Ал айтқым келсе айта аламын аямай,
Ажарымды арамдарша боямай.
Ондай кезде өткір қанжар секілді,
Тіліп өтем етіңді де, бетіңді.
***
О, қайран жер, қайырымды жер,
Күшті едің ғой берші жігер.
Жаралғансың адам үшін,
Бір өзіңсің таянышым.
Әжем де сен, атам да сен,
Төсегімсің жатам десем.
Сабырыңнан бер сарқылмайтын,
Жасыныңнан бер жарқылдайтын!
Теңізіңдей тереңдік бер,
Теміріңдей берендік бер,
Мен де өзіңше көтерейін ауырды,
Қиналғанын білдірмейін жанымның.
***
Еш уақытта іш пысқанға төзбеймін,
Ән менен күй, дырду - думан іздеймін.
Болдырғам жоқ, еңбекке де икеммін,
Ауыртпаңдар арзан сөзбен жүйкемді.
Ал айтқым келсе айта аламын аямай,
Ажарымды арамдарша боямай.
Ондай кезде өткір қанжар секілді,
Тіліп өтем етіңді де, бетіңді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter