Өлеңдер ✍️
Сөз
(1966 жылы Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының қырық жылдығына арналған салтанатты кеш өтті. Сондағы сөйлеген сөзімнен кейін осы өлеңді оқыдым).
Көңілі көктемдей, достарым!
Сендерсіз өмірде жоқ сәнім.
Мен үшін сарқылмас қуаныш
Үніңе үнімді қосқаным.
Қарайды бізге жұрт үмітпен,
Күтеді құштар боп жаңалық.
Күтеді арылтар күдіктен
Істерін батырлық, дамалық.
Кәнеки, достарым, келіңдер,
Үміттің оттарын жағалық.
Жаңаға қол үшін беріңдер,
Кененің тозаңын қағалық.
Ашайық сахнаның пердесін,
Берейік төрді енді заманға.
Берейік сөзді енді айтатын
Лениннің атынан адамға.
Сөйлесін ол адам заманға
Тыңдатсын әлемді тындырып,
Сөйлесін ол барлық қоғамға
Жауларды күл-талқан сындырып.
Сындырсын, қиратсын, күйретсін
Көгермес көне мен тозғанды,
Достарға жырлауды үйретсін:
Жыққанды, жеңгенді, озғанды!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter