Өлеңдер ✍️

  06.05.2021
  252


Автор: Әбділда Тәжібаев

Қайратқа

«Қайратым» деп мен жүрмін,
Қайрат қылмай сен жүрсің.
Ұтып қайтар деп жүрмін,
Сен ұтылып кеп жүрсің.
Ұят қайда, ар қайда?
Мен ұялам сен үшін.
Шынымен-ақ болмай ма
Мен қуанар жеңісің?
Сен ұтылсаң мерейім
Қалады өншең жер болып...
Намысымды берейін,
Алыңдаршы тең бөліп.
Жүрегімді берейін
Алыңдаршы тең бөліп.
Неге алдыңдар демейін,
Ойнаңдаршы мен болып.
Қайрат қылмай сен жүрсің,
«Қайратым» деп мен жүрмін.
Жеңілумен сен жүрсің,
Жеңерміз деп мен жүрмін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу